01
март
2022
Мамытова Жанна Қасымханқызы

Мен Мамытова Жанна Қасымханқызы 1982жылы 29 қаңтарда сол кездегі Шымкент облысына қарасты Жетісай ауданында дүниеге келгенмін.1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы №18 Б.Майлин атындағы орта мектепке 1ші сыныпқа барып, 1999 жылы осы мектепті бітірдім. 1999жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжіне ағылшын тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп,2002 жылы аяқтадым.2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы № 95 «Қызыл таң» орта мектебіне ағылшын тілі пән мұғалімі болып жұмысқа орналастым.2004 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетіне оқуға түсіп,2007 жылы шетел тілінің(ағылшын,неміс)бакалавр дәрежесін аяқтадым.Отбасылымын.Жолдасым Койбаков Нурлан Нурмаханович 1979жылы 10 қазанда Шымкент облысына қарасты Жетісай ауданында дүниеге келген.Жоғары білімді азамат.Отбасымызда 5 баланы тәрбиелеп отырмыз.3қыз 2 ұлым бар.Үлкен ұлым Нұрмахан Ербол Нұрланұлы Шымкент қаласындағы Оңтүстік қазақстан медициналық колледжінде 3 курс студенті,қызым Нұрмахан Жансая Нұрланқызы Алматы қаласындағы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінде 2 курс студенті.1 қызым және 1 ұлым мектеп оқушысы.1қызым балабақшада тәрбиеленде.2016 жылы 21 желтоқсанда №43 «Қызыл таң» жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалдым. 2020 жылы 17 маусымында мектеп директоры лауазымына конкурстық негізде тағайындалдым. Қазіргі таңда аталған мекемеде мектеп директоры қызметін атқарып келемін.