Мектеп тарихы » "Қызыл таң" ЖОМ
Түркістан облысы білім басқармасының
Жетісай ауданы білім бөлімінің
"Мыңжасар Маңғытаев атындағы ✓43 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725) 42-45-3-18
Есепші бөлімі:
+7(725) 42-45-3-01
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
15
май
2016

Мектеп тарихы

«Қызыл таң» жалпы орта мектебінің іргетасы сонау 1950-1951 жылдары құрылған болатын. Ол кезде мектеп атауы болмаған еді. Әрине мектеп алғашқы жылдары бастауыш сынып негізінде құрылды. Ал осы бастауыш сыныптың алғашқы мұғалімі Танаев Садық атамыз болды. Ол кісі сол мектеп жоқ кезеңдерде өз үйінен мектеп ашып, ауыл балаларын оқыта бастады. Ауыл балаларына қазақша әліппені оқытып, алғашқы әріптерді үйретті. Ауыл бабалары әріп танып, оқу-жазуды үйрене бастаған соң, олардың қатары көбейе бастады. Балалар таң ертең ертелеп мектепке асығатын болды.Бір-бірімен араласып, достасып кетті. Балардың білімге деген құштарлығы күннен-күнге арта түсті. Сөйтіп олардың саны артқаны сонша, бір күндері оқушы балалар Садық атамыздың үйінен ашқан кішкене ғана сынып бөлмесіне сыймайтын болды. Сол кездерде Садық атамыз көп ойланбастан оқушы баларды екі топқа бөлді. Сөйтіп жазу, сызу, оқуды үйренуші балаларды бір топқа, ал санау, қосу-алу, есептеуді үйренуші балаларды екінші топқа бөлді. Осылай Садық атамыз балаларды екі мезгілде оқыта бастады.1957 жылдан осы кішкене ғана ауыл мектебі үлкейіп, жеті жылдық "Қызылтаң" орталау мектебі болып қайта құрылды. 1960 жылдары сегіз жылдық, 1994 жылдан бастап он жылдық, 1997 жылдан бастап 11 жылдық жалпы орта мектеп болып жұмыс жасап келеді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив